Қызылорда облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды

08.01.2016
Қызылорда облысының жергілікті полиция қызметінің бастығы тағайындалды

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қалижан Жеңісбекұлы 1980 жылы Сырдария ауданында дүниеге келген. 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін және 2006 жылы Ресей Ішкі істер министрлігінің академиясын бітірген.  Мамандығы - заңгер.

Еңбек жолын 2002 жылы Батыс Қазақстан облысы  ішкі істер басқармасының экономикалық қауіпсіздік бөлімінің жедел уәкілі ретінде бастаған. 2010-2014 жылдары Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы, Көліктегі ішкі істер департаментінің әкімшілік полиция басқармасының желілік полиция пункттеріне басшылық ету бөлімінің бастығы, Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы лауазымында қызмет атқарып келді.

 

 

Хабарламаларға жазылу