Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

31.10.2014
Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Қызылорда облысының Ішкі істер департаментіне жаңа басшы тағайындалды.

Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Марат Демеуов таныстырды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен  Қызылорда облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Жанат Сүлейменов тағайындалды.

Сүлейменов Жанат Қуанышұлы Қарағанды облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары милиция мектебін және Қазақстан Республикасы Академиясын тәмамдаған. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1980 жылы бастады.

Әр жылдары жедел қызметтерді басқарды, ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрес және криминалдық полиция департаменттерінің төрағасы, Көліктегі ІІД бастығы лауазымдарында қызмет етті.

Соңғы атқарған қызметі – Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы.

Хабарламаларға жазылу