Блокбекеттегі көлік апаты: 3 лауазымды қызметкер жұмыстан кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блокбекеттегі көлік апаты: 3 лауазымды қызметкер жұмыстан кетті

27.05.2020
Блокбекеттегі көлік апаты: 3 лауазымды қызметкер жұмыстан кетті

Ішкі істер министрлігі Алматыдағы блокбекеттегі көлік апатына байланысты қызметтік тексеру жүргізді.

Соның нәтижесінде Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен тоғыз қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды. 

Алматы қалалық ПД патрульдік полиция полкі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі К.Е.Сатаев, Алматы қаласы ПД Кадр саясаты бөлімінің бастығы, полковник О.С.Мырзабеков, Жеке құрам инспекциясының бастығы, полиция полковнигі Ақылбеков қызметінен босатылды. 

Алматы қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі М.А.Саттаровқа, Алматы қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі С.О.Көкрекбаевқа, Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі А.А.Нашарбековқа ескерту жасалды. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің бастшысы, полиция генерал-майоры Қ.Д.Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланды.

Сонымен қатар, ПД бастығының орынбасары Н.С.Алмасбековке, баспасөз қызметінің бастығы С.Әзірбекке де қатаң сөгіс берілді.


Хабарламаларға жазылу