Ливияда полиция академиясында болған терактіден қаза болғандар саны 70 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливияда полиция академиясында болған терактіден қаза болғандар саны 70 адамға жетті

07.01.2016
Ливияда полиция академиясында болған терактіден қаза болғандар саны 70 адамға жетті

Ливияның Триполиден шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан Злитен қаласының полиция академиясының жаттығу алаңында болған терактіден мерт болғандар саны 70 адамға жетті.

Бұл туралы әл-Арабия телеарнасы хабарлады.

Жарылыстан 100-ден астам адам жарақат алған. Жарылыс болардың алдында жаттығу алаңында жүздеген полиция қызметкері сап түзеген. Олардың арасында әскери емес азаматтар да бар, деп хабарлайды Ресейдің ТАСС агенттігі.

 

Хабарламаларға жазылу