Қытайда жолаушылар көлігінен шыққан өрттен 14 адам мерт болып, 30 адам зардап шекті.
Бұл туралы Қытайдың Орталық телевизиясы хабарлады. Қайғылы жағдай Қытайдың Иньчуань қаласының Нинся-Хуэй автономиялы ауданының әкімшілік орталығында болды. Оқыс оқиғадан зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жетікізілді. Оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.