Шығыс Қазақстан облысында өрттен 2 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында өрттен 2 адам қаза тапты

30.04.2014
Шығыс Қазақстан облысында өрттен 2 адам қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысында өрттің салдарынан екі адам қаза тапты. Қайғылы оқиғаБесқарағай ауданының Глуховка ауылында болған.
 
Шағын елді мекенде бір үй отқа оранғаны туралы шұғыл хабар құзырлы органдарға түнгі сағат 2-лер шамасында түсті.

Өрт сөндірушілер келгенше, үйдің төбесі ортасына түскен. Құтқарушылар үй ішінен 2 адамның күйген мәйітін тапты. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.  Жалпы, жыл басынан бері Шығыс Қазақстанда 160 өрт оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан барлығы 13 адам қаза тапты.

 
Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу