Түрік ғалымдары мұз қатудан сақтайтын асфальт ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік ғалымдары мұз қатудан сақтайтын асфальт ойлап тапты

04.01.2016
Түрік ғалымдары мұз қатудан сақтайтын асфальт ойлап тапты

Қыс мезгілі басталысымен жолдағы қауіптің бірі – көктайғақ. Әсіресе, асфальт төселген жолдарға мұз қатып, көлік қатынасына қолайсыздық тудырады. Мұндай жағдайда ең қауіптісі – «қара мұз». Ол ауа райының бір жылып, бір суытуынан болатын жұқа мұзды қабық. Жүргізушіге ол ылғалды асфальт түрінде көрінеді. Дәл осы мәселені шешу жолын қарастырған түрік зерттеушілері тың нұсқа ұсынып отыр.

Мұз қатқан жолдармен күрестің бірнеше түрі бар. Ол – мұзды ерітіп жіберуі үшін тұз шашу, жолдың беткі қабаты мен көлік дөңгелегінің жақсы қабысуы үшін топырақ шашу. Алайда, бұл тәсілдердің кемшілігі де жоқ емес. Тұз да, топырақ та көлік жүріп өткен сайын жол бетінен кете бастайды. Сондай-ақ, бұл әдістер қалың қар, боран кезінде еш көмектеспейді.

Коч университетінің ғалымдары құрамында калий тұзы бар бірнеше қабатты асфальт ойлап тапты. Ол жолдың беткі қабатына мұзды ақырындап жарып шығады. Асфальт осылайша бетіне қатқан мұздан өздігінен арылып отырады. Ал, көлік дөңгелектері асфальттің жоғары қабатын аршып тастаған соң, сыртқа тұзды компоненттің екінші қабаты шығады.

Жолда мұз қатудың алдын алуға көмектесетін тағы бір компонент бұл - құрамында бутадиен-тазартқыш каучугі бар асфальт. Алайда, мұндай асфальттің бір кемшілігі, құрамындағы тұз автокөлік шанағының тоттануына әкеп соғады.

Хабарламаларға жазылу