Табысы ең жоғары үш әнші белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Табысы ең жоғары үш әнші белгілі болды

11.03.2014
Табысы ең жоғары үш әнші белгілі болды
«Billboard» журналы 2013 жылы ең жоғары табысқа кенелген музыканттардың рейтингін жариялады. 
 
Осы басылымның бағалауына сүйенсек, ең қомақты табысқа ие болған әртіс ретінде 23 жастағы кантри-әнші Тейлор Свифт атанды. Ол былтыр 40 миллион долларға жуық табыс тапқан.

Екінші орында - бір жылда 32,9 миллион доллар табыспен кантри-музыкасының тағы бір орындаушысы Кенни Чесни тұр.

Үздік үштікке поп-әнші Джастин Тимберлейк еніп отыр, ол жыл ішінде 31,5 миллион доллар пайда тапқан.

«Billboard» басылымы жыл сайын құратын жоғары табысты музыканттар тізімі 40 позициядан тұрады. Олардың басым бөлігіне америкалық шоу-бизнестің өкілдері сай келеді.

Хабарламаларға жазылу