«Forbes» журналы 2015 жылы ең көп табыс әкелген актерлер тізімін жариялады
Тізімді актер Крис Эванс бастап тұр. Оған жұмысалған әр 1 доллар киностудияға 181,8 доллар болып қайтқан. Екінші орында – актриса Мила Кунис. Ол өзіне жұмсалған әр 1 доллардың орына 87,3 доллар пайда әкелген. Үшінші орындағы актриса Скарлетт Йоханссон 85 доллар табыс әкелген.
Төртінші орында Гвинет Пэлтроу тұр. Ол өзіне жұмсаған 1 доллардың орнын 82,9 доллармен толтырған. Үздік бестікті Эмма Стоун 54 доллармен аяқтап тұр.
Екінші бестік: Крис Хемсворт (42,1 доллар), Вин Дизель (40,3 доллар), Дженнифер Лоуренс (39,1 доллар), Марк Уолберг (39,1 доллар) және Дуэйн Жонсон (28,1 доллар).
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМ.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36
«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
28.09.2026, 17:33
600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
28.09.2026, 17:30
Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
28.09.2026, 17:27
Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
28.09.2026, 17:25