Жылдың ерекше оқиғаларының бірі – ақпанның 21-не жоспарланған Геннадий Головкиннің Мартин Мюрреймен кездесуі болды. Кездесу Манокодағы «Жұлдызды зал» аренасында өтті. Бұл бокс кешін тек қазақстандық көрермен емес, күллі әлем тамашалады. Осы кеште Гена 32-ші жеңісіне жетті.
Дәл осындай байрақты бәсеке 17 қарашада өтті. Бұл Геннадийдің 34-ші жекпе-жегі еді. Мұндағы Генаның қарсыласы – әлем чемпионы Давид Лемье болды және кездесу Генаның жеңісімен аяқталды.
Биыл Жеңістің 70 жылдығына арналған ең ауқымды әскери шеруді өткіздік. Оған еліміздің Қарулы Күштерінің әскери қызметкерлері мен әскери техниканың рекордтық саны тартылды. 5 мыңға жуық әскери қызметкер мен 200 әскери техника және әскери авиацияның 70 бірлік ұшағы мен тікұшағы көрсетілді.
Ата Заңға – 20 жыл. Ел іргесін нығайтуда Конституция жасампаздықтың жарғысына айналды. 1995 жылы жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған елдің басты құжатына халықтың 90 пайызы қолдап дауыс берген еді. Ата Заңның 20 жылдығы елде жоғары деңгейде аталып өтті.
2015 жылдың 2 қыркүйегі. Сағат тілі 10:37-ні көрсетіп тұр. Әйгілі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМА18» кемесімен үшінші қазақ баласы Айдын Айымбетов аспан әлеміне қанат қақты. Мемлекет басшысы ұлт ұланы Айдын Айымбетовке ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Халық қаһарманы атағын берді. Сонымен қатар, «Алтын жұлдыз» бен «Отан» орденін тақты.
2015-тің басты оқиғасы – Қазақ хандығының 550 жылдығы. Астана мен тараз қалалары әлем халқының назарында болды. Қазақ халқының тамыры туралы ақпаратпен қанықты. Бұл мереке еліміздің барлық аймағында және әлем қазақтарының арасында тойланды.
Толығырақ «Таңшолпанда».