Ең алғашқы автокөліктер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең алғашқы автокөліктер (ВИДЕО)

29.12.2015
Ең алғашқы автокөліктер (ВИДЕО)

Әлемдегі ең алғашқы автокөлік жанармаймен емес, бумен жұмыс істеген. Автокөлік авторы – Никола Кюньо. Көлік сағатына 4 шақырым ғана жүретін болған. Бірақ, 3 тоннаға дейінгі жүкті еркін таси алады.

Бумен жүретін автокөліктер өте баяу қозғалатын болғандықтан, жиі сынға ұшырап, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын жаңа автокөлік керек болды. Сөйтіп, 1885 жылы жанармаймен жүретін алғашқы автокөлік пайда болды.

Құрылысы жағынан қазіргі автокөліктерге ұқсас алғашқы көлікті Карл Бенц ойлап тапты. Оның ерекшелігі, іштен жанатын 4 тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы.

Алғашқы автокөлікті жүргізудің өзі бастапқы кезде ерлікке бағаланды. Өйткені, бұл – адамзат қолжеткізген жаңа өркениет жемісі еді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің кәсіптік өндірісі ашылды.

Осы кезеңде шығарылған көліктердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші 4 дөңгелекті көліктер пайда болды. Бұл кәдімгі біз көріп жүрген автокөліктерге ұқсас.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу