«Алаш автономиясының әскері» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алаш автономиясының әскері» атты кітап жарық көрді

28.12.2015
«Алаш автономиясының әскері» атты кітап жарық көрді

Алматыда «Алаш автономиясының әскері» атты кітап көпшілікке таныстырылды. Тұсаукесерге ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысып, Алаш қозғалысы туралы ойларын ортаға салды. 100 данамен жарық көрген кітап авторы – журналист Болат Мүрсәлім.

Бұл еңбекте Алашорда үкіметінің қазақ халқын қорғау үшін әскер құрғаны, сондай-ақ, басында 13500 адамнан тұратын милиция болады деп жоспарланған құрылымның Азамат соғысы жылдарында әскер полкіне айналғаны туралы жазылған. Кітапта бұрын таныс бола қоймаған суреттер жарияланған.

«1917 жылы Орынбордағы Қазақ съезі кезінде Алаш автономиясын құру, Алаш әскерін құру туралы шешім қабылданған. Бұл жинақта ескіше 12-ші, қазір 25 желтоқсаннан бастап, Алашорда үкіметі тарағанға дейінгі олардың большевиктермен, ақ гврадияшылармен кей жерде бірлескен, кей жерде қарсы соғысы туралы баяндалады»,-дейді автор.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу