«Ай жарығы» атты кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ай жарығы» атты кітап жарық көрді

22.01.2014
«Ай жарығы» атты кітап жарық көрді
Нұржамал Әлішеваның «Ай жарығы» атты кітабы жарық көрді. Журналистің тырнақалды бұл еңбегіне әр жылдары мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ойлы да тәрбиелік маңызы бар өзекті мақалалары және жүрек қылын шертетін әңгімелері енген.  
 
Нұржамал Әлішева Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Бөген ауылының тумасы. Бүгінгі таңда Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. 2009 жылы «Жыл журналисі» атанған.

Хабарламаларға жазылу