Алаш қайраткері Ғұмар Қараш туралы кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш қайраткері Ғұмар Қараш туралы кітап жарық көрді

19.09.2014
Алаш қайраткері Ғұмар Қараш туралы кітап жарық көрді

Тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің доценті, ғалым Бақтылы Боранбаеваның «Ғұмар Қараш қоғамдық-саяси қызметі» атты кітабы Алматыдағы республикалық «Арыс» баспасынан жарық көрді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.  

Ғұмартанушының жаңа еңбегінде Алаш қайраткері, ақын, ағартушы, ойшыл Ғұмар Қараштың сан қырлы қызметі мұрағаттық деректер, қолжазбалар, естеліктер мен сол кездегі «Қазақстан», «Айқап» сынды мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалар негізінде жан-жақты сараланған.

Аталмыш кітап Ғұмар Қараштың келер жылы аталып өтілетін 140 жылдық мерейтойына арналып отыр.

Хабарламаларға жазылу