Айкезбеліктің себептері
Кейбір зерттеушілер айкезбелікті психикалық ауру деп болжайды. Алайда, ол жүйке жүйесінің бұзылуынан пайда болады. Оған көбінесе балалар мен жасөспірімдер душар болады.
Айкезбелікке көңілшек және әсершіл адамдар жиі шалдығады. Кейде эпилепсия ауруының бір белгісі ретінде көрінеді. Сондай-ақ, жоғары температура мен созылмалы ұйқысыздықтың әсерінен болуы мүмкін.
Егер, ата-анасы айкезбе болса, одан баланың да зардап шегу қауіптілігі жоғары. Себебі, оның қан арқылы берілетіндігі ғылыми түрде дәлелденген.
Айкезбелік қауіпті ме?
Айкезбеліктің негізгі қауіптілігі - ондай жағдайда адамдар өзіне немесе айналасына зиянын тигізуі мүмкін. Статистикалық мәліметтер айкезбелердің төрттен бірі өз-өздерін жарақаттайтындықтарын көрсеткен.
Айкезбелерді неге оятуға болмайды?
Айкезбелерді кенеттен ояту оларды шошытып, есеңгіретіп тастауы мүмкін немесе жүрек талмасына ұрындырады. Ондай кездері оларды түрлі жарақаттар алып қалудан сақтандыру қажет: терезеге тор қойып, сыртқы есікті құлыптаған абзал. Сонымен қатар, шыны бұйымдарды алып тастау керек.
Кейбір жағдайда айкезбелерді оятып алу үшін суық су мен дымқыл мата қолданылады.