Мешін жылы: Жаңа жылда қандай сыйлық ұсынуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мешін жылы: Жаңа жылда қандай сыйлық ұсынуға болады?

27.12.2015
Мешін жылы: Жаңа жылда қандай сыйлық ұсынуға болады?

 

1. Символикалық сыйлық

Бұл - маймыл суреті бар кез келген сыйлық. Мысалы, мешіннің суреті бейнеленген балалар мен ересектерге арналған тәрелке, кесе және салшыншақтар. Тіпті диванға арналған жастық сыйлауға да болады.

ФОТО: www.handyhat.ru

Егер уақыт болса, балақайларға арнайы  бас киім, бөкебай және қолғап тоқыған жөн.

Құрбы-құрдастарға мешіннің суреті бейнеленген төсек-орын тысы немесе құмыра тарту еткен дұрыс.

2. Интеллектуалды сыйлық

Шығыста мешін – даналықтың нышаны. Сондықтан Жаңа жылда интеллектуалды сыйлықтар ұсынуға да болады.

ФОТО: stilus.biz

Мысалы, балаларға ой-өрісін дамытатын ойындар, кітаптар, ал ересектерге гаджеттер – электронды кітап және планшетті сыйлаған жөн.

Сондай-ақ, мұражай, театр, заманауи сурет көрмесіне кіруге абонемент  сыйға тартуға, немесе үйдегі интернеттің бірнеше айын төлеп беруге болады.

3. Көңілді сыйлық

Маймылдар ойнауды, тентектік жасағанды және көңіл көтеруді жақсы көреді.  Сондықтан  арнайы  Аяз ата мен Ақшақарды шақырсаңыз, жаңажылдық кеш қызықты өтеді. 

 

4. Релакс-сыйлық

Қыз-келіншектерге сұлулық салоны, косметика мен киім дүкені және  массаж салонына сертификат сыйлаған дұрыс.

 

5. Отты сыйлық

Мамандардың айтуынша, мешін жылының стихиясы – от. Мұны өз мақсатыңызға өте сауатты қолданған жөн.

Мысалы, сүйіктіңізді  Жаңа жылмен «отты  жазумен» құттықтауға болады.

ФОТО: fr.aliexpress.com

6. Жасыл сыйлық

Маймылдардың отаны – ыстық, мәңгі жасыл тропика. Сондықтан жасыл бөлме гүлін сыйлау – ең дұрыс шешім.

Бамбук, лимон немесе  мандарин ағашын алып, маймыл бейнеленген ойыншық іліп, сыйға тартуға болады.

 

7. Тәттілер

Пальма, кокос, ананас немесе банан дәмін беретін тәттілер әзірлеп, оларды маймылға қатысты безендіріңіз.  Мұндай тағам жаңажылдық дастарханның сәні болады.

ФОТО: vk.com

 

Интернет материалдары бойынша әзірленді 

Хабарламаларға жазылу