Қыздар арасындағы сайыс әлдеқайда жоғары деңгейде өтті. Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада өнер көрсетті. Бильман, аксель, лутц, риттбергер секілді мәнерлеп сырғанау әдістерін оңай жасаған. Тіпті, қазылар алқасын тәнті еткен ол 194,94 ұпаймен біріншіліктің рекордтық нәтижесіне қол жеткізді.
Осылайша, мәнерлеп сырғанаудан кезекті ел чемпионаты мәресіне жетті. Біріншілік жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне облыс әкімі қатысып, спортшыларға медальдар мен дипломдар табыстады. Төртінші мәрте ел чемпионы атанған Элизабет өз кезегінде Сыр жұртшылығына жаңа жылдық тарту ретінде скрипкада өнер көрсетті.
Жылды табысты аяқтаған Элизабет Тұрсынбаева енді келесі жылы Норвегияда өтетін жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды