Стокгольмдегі мейрамханалардың бірінде жарылыс болды. Бұл туралы Augsburger-Allgemeine басылымы хабарлады.
«Біз белгісіз біреудің мейрамханаға жарылғыш заттың лақтырғанын естідік»,-деді полицияның баспасөз хатшысы.
Жарылыстың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өйткені, жарылыс болған кезде мейрамхана жабық болған. Оқиға болған аймақ оқшауландырылды. Полиция өкілдері болса жарылғыш затты тастап кеткен адамды іздестіруде.
Бірқатар мәліметтерде жарылыс боған мейрамхананың 150 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан Berns кешенінің бөлігі екендігі айтылады.