Астанада Қазақстан футболына арналған ақпараттық порталдың таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан футболына арналған ақпараттық порталдың таныстырылымы өтті

22.12.2015
Астанада Қазақстан футболына арналған ақпараттық порталдың таныстырылымы өтті

Яғни, онда балалар мен жасөспірімдер футболынан бастап, Ұлттық құрамалардың ойындары жайында толық ақпарат қамтылатын болады. Сонымен қатар, порталда футбол мамандарының талдамалары, фактілер мен көрсеткіштер беріледі.

«Бұл портал Қазақстан футболы жайында ақпараттармен бөлісетін алаң. Біз тек еліміздің футболы жайында ғана жазамыз. Өзге елдердегі чемпионаттар туралы мәліметтер қамтылмайды. Тек біздің отандық клубтарымыз немесе құрамаларымыз шетелдік халықаралық турнирлерге қатысқан жағдайда ғана осы ойындар туралы кеңінен ақпарат береміз. «KazFootball.kz» порталы коммерциялық жоба емес»,-дейді портал өкілдері.

Хабарламаларға жазылу