«Дос-Мұқасан» тобының солисі Хамит Санбаев дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дос-Мұқасан» тобының солисі Хамит Санбаев дүниеден озды

24.04.2020

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі, топтың экс-солисі Хамит Санбаев 78 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Хамит Санбаев 1967-72 жылдары топтың құрамында өнер көрсетіп, саксафонда ойнаған. Ол қазақ музыкасы мен мәдениетіне бүтін бір құбылыс болып енген ансамблге бастапқы уақытта жетекшілік етті. Елдегі төтенше жағдай талаптарын сақтап, жерлеу рәсіміне қатыса алмаған «Дос-Мұқасандықтар» әріптесін қайғыра еске алады.  

Назерке БҰРХАН


Хабарламаларға жазылу