Швецияда электрлі фураларға арналған тасжолдар салынуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Швецияда электрлі фураларға арналған тасжолдар салынуда

18.12.2015

Швецияның Евлеборг провинциясында гибридті ауыр жүк көліктеріне арналған электрлендірілген тасжолдар салынуда.

Жолдың алғашқы маңызды бөлігі 2016 жылдың басында пайдалануға берілмек.

Тасжолда жүретін гибридті фуралар іштен жанатын қозғалтқышпен және электрлі мотормен, сондай-ақ, ауыр көліктерге аккумуляторға аздап қуат беретін рекуперативті тежегішпен жабдықталған.

Жоба экологиялық мақсатта қолға алынуда: электрлі фуралар өндірістік нысандар арасында жүреді, яғни, одан экологияға келетін зиян жоғалады.

Жоба құны шамамен ,44 миллион евроны құрайды. Оған Швецияның Мемлекеттік басқару органдары ғана емес, «Siemens», «Scania» сынды жеке компаниялар инвесторлық етуде.  

computerra.ru

Хабарламаларға жазылу