Тігін машинасын қалай таңдау керек? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тігін машинасын қалай таңдау керек? (ВИДЕО)

15.06.2015
Тігін машинасын қалай таңдау керек? (ВИДЕО)

Іс тігуді меңгеремін десеңіз, міндетті түрде тігін машинасын сатып алу керек. Бүгінде аталған техниканың сіздің талабыңызды қанағаттандыратын түрі  көп. Әрбір тігін машинасының өзіндік жұмыс атқару принциптері болады.

Мамандардың айтуынша, мұндай құрылғыны таңдағанда кеңес алған дұрыс.

«Заманауи машиналар электрлі аяқ басқышты болады. Бұрындары қолмен айналдыратын немесе электрлі болып бөлінсе, қазір біріктірілген нұсқалары кездеседі. Аяғыңызбен басқышты басқарып, қолмен айналдыра отырып, тігуге болады. Қазіргі машиналар тігінге арналған немесе кесте тігетін болып бөлінеді.

Кейбір нұсқаларында екеуі бірдей кездеседі. Жаңа машиналардың тағы бір артықшылығы – жіпті автоматты түрде инеге өткізетін тетігі бар. Мұнымен қоса түймені де көлемін өлшеп алып тігуге болады. Арнайы функциялардың болуы - ісмерлікпен айналысуға үлкен көмек. Сондықтан таңдағанда қандай мақсатта  аласыз, соны анықтап алған жөн», - дейді маман Назия Мешелева.

Ісмерлікпен айналысудың қыр-сырын алдағы уақытта  «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

 

Хабарламаларға жазылу