Елдің бірқатар тасжолдары жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдің бірқатар тасжолдары жабылды

04.12.2014
Елдің бірқатар тасжолдары жабылды

Күннің суытуына байланысты бүгін бірқатар аймақтарда тасжолдар жабылып, бірнеше бағыттар бойынша көлік қозғалысы тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығы, әсіресе, Алматы облысында қатты байқалды.

Мұнда, жолдың нашар көрінуі мен ақтүтек боранға байланысты Үшарал – Достық пен Алматы – Өскемен бағытында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Алайда, мамандардың айтуынша, бұл қатты аяздың алдындағы әбігер ғана.

Бір ғана Алматы емес, бүгін бірқатар аймақтарда тасжолдар жабылды. Әсіресе, Қарағанды мен Павлодарда қар қалың түсіп, Павлодар-Қызылорда, Қалқаман-БаянауыЛ, Шідерті-Астана, Астана-Ерейментау, Астана-Қарағанды бағыттарында көлік козғалысы тоқтатылды. Қазір, аталған бағыттардың бірнешеуі ашылғанмен, «Қазгидромет» жүргізушілерге жолға шықпауды ескертеді.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу