Ғалымдар: Күніне 3-5 кесе шай ішу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Күніне 3-5 кесе шай ішу қажет

12.12.2015
Ғалымдар: Күніне 3-5 кесе шай ішу қажет

Нидерланд ғалымдары күніне 3-5 кесе шай ішу – қан қысымын төмендетіп, диабет, инсульт және басқа да жүрек-қан тамырлары ауруларының  қаупін азайтатынын айтады.

Олардың пікірінше, соңғы 10 жылда жасалған түрлі ғылыми зерттеулерден шайдың адам денсаулығына пайдасын байқауға болады. Ғалымдар шай ішкенде оның қара немесе көк шай болғанын ескертеді. Бұл арада басқа да шөп шайдың қатысы қаралмайды.

Шай – Нидерландта өте танымал сусын. Тіпті, ланч кезінде балалар 4 жастан бастап сүт қатқан арнайы шай ішуді әдетке айналдырған.

Шай туралы ғылыми жаңалықтарды жазатын «Tea Advisory Panel» басылымының жазуынша, бұл сусын ауыз қуысы мен төстің қатерлі ісігі қауіпін төмендетіп, артерияның  иілгіштігін қамтамасыз етеді.

Неврологтардың соңғы зерттеулеріне қарағанда, қара және көк шай қолданғаннан кейін бір сағат көлемінде мидың белсенділігін арттырады. 

Бұрын америкалық ғалымдар көк шайды шоколадпен ішсе, зейінділікті арттыратынын анықтаған болатын. Ал, британдық ғалымдар болса, қара шайды демдеудің бес негізгі жолын көрсеткен.

Хабарламаларға жазылу