Иммунитетті көтеру жолдары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иммунитетті көтеру жолдары

02.11.2015
Иммунитетті көтеру жолдары

Әлемде қаншама ауру түрлері  бар. Олардың қатары жыл сайын артып келеді. Мамандар мұны иммунитеттің күрт төмендеуімен байланыстырады.  Дәрігерлердің айтуынша, қорғаныс қабілетін көтерудің ең тиімді тәсілі – салауатты өмір салтын ұстану. Ол үшін дене шынықтырумен жүйелі шұғылдану қажет.

Жаттығу әсіресе, тыныс алу жолдары мен миға пайдалы. Екіншіден, жылдам жүру. Ағзаға ептеп күш түсіру арқылы бойға қан жүгіріп, адам денесіне оттегі тез тарайды. Одан организмдегі зат алмасу процесі жылдамдап,  көңіл күй көтеріледі. Көңіл күй жақсарған сайын иммунитет те түзеледі.

Құнарлы ас ішу арқылы да денсаулықты нығайтуға болады. Ішер ас табиғи дәрумендерге бай болғаны жөн. Барынша жеміс-жидек, көкөніс  және ет өнімдерін жиі тұтыну керек.  Тәтті және майлы тағамдардан бас тартқан дұрыс. Сондай-ақ, қара шайды қойып, лимон қосылған шай ішкен пайдалырақ.

Толығырақ - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу