Арнайы құрылғы болмаған жағдайда қан қысымын қалай анықтауға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арнайы құрылғы болмаған жағдайда қан қысымын қалай анықтауға болады?

19.09.2014
Арнайы құрылғы болмаған жағдайда қан қысымын қалай анықтауға болады?

Қан қысымын өлшейтін құрылғы еліміздегі әрбір 10-шы тұрғынның үйінде бар. Яғни, бұл қан қысымынан зардап шегетіндердің қатары артып келеді, деген сөз.

Дәрігерлер тонометр тек науқастың жанында емес, әр отбасында болуы тиіс, дейді. Себебі, қан қысымын күнделікті қадағалап тұру – аса маңызды.

Тонометрдің электронды түрлері де бар. Алайда, кейбір кезде ол құрылғы шатасып жатады. Сол себепті, механикалық тонометр алған жөн.

Қан қысымын дене жаттығуынан кейін анықтаудың қажеті шамалы. Ең дұрысы, бір сағат бұрын шай немесе кофе ішу керек. Ол тамырларды кеңейтіп, қан қысымын дәл анықтауға көмектеседі.

Сондай-ақ, құрылғыны екі қолға қатар салып, кем дегенде, үш рет тексеру қажет.  Егер қан қысымы екі жақта бірдей болмаса, міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн.

Арнайы құрылғы болмаған жағдайда қан қысымын қалай анықтауға болады? Мамандар кеңесін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу