Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты шоу-концертінің қоюшы-режиссері Григорий Скоморовский Ұлттық арнаға сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты шоу-концертінің қоюшы-режиссері Григорий Скоморовский Ұлттық арнаға сұхбат берді

11.12.2015
Қайрат Нұртастың «Мен ғашықпын...» атты шоу-концертінің қоюшы-режиссері Григорий Скоморовский Ұлттық арнаға сұхбат берді

Мыңдаған тыңдарманның жүрек қылын шерте білген Қайрат Нұртас ең танымал әншілер қатарында. 12 желтоқсанда елордадағы «Астана-Арена» стадионында әншінің сахнадағы 10 жылдығына арналған «Мен ғашықпын...» атты шоу-концерті өтеді.

Алаңда қызу дайындық басталғанына 15 күн болды. Барлық техникалық және шығармашылық ұжымды қосқанда 4 мың адам жұмылдырылған бағдарламаның жобасы да өзгеше. Мәскеуден арнайы шақыртылған кештің негізгі қоюшы-режиссері Григорий Скоморовский Ұлттық арнаға сұхбат берді.

«Шоу энергия және қозғалыстан тұрады. Ол - спектакль емес. Сценарий деген болмайды. Тікелей партитурамен жұмыс істейміз. Бұл шоуда тек кәсіби хореографтар емес, каскадер, білікті акробаттар, цирк әртістері өнер көрсетеді. Барлығының қауіпсіздігі толықтай техникалық бақылауда. 

Жалпы, Қайраттың өз елінде өте танымал, жоғары сұраныстағы әнші екені қуантады. Біз халықтың сол махаббатынан жұмыс істеуге ерекше энергия аламыз», дейді ол.

Кештің өзге де ерекшеліктері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу