Қайрат Нұртастың өнер әлеміндегі 10 жылдығына орай үлкен шоу-концерт ұйымдастырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртастың өнер әлеміндегі 10 жылдығына орай үлкен шоу-концерт ұйымдастырылады

18.11.2015
Қайрат Нұртастың өнер әлеміндегі 10 жылдығына орай үлкен шоу-концерт ұйымдастырылады

12 желтоқсан күні «Астана-Арена» стадионында Қайрат Нұртастың өнер әлемінде жүргініне 10-жыл толуына орай әлемдік деңгейдегі «Ғашықпын...» атты ірі музыкалық концерттік-шоуы өтеді деп жоспарлануда.

Концерттің басты ұйымдастырушылары «Қазақстан» телерадиокорпорациясы және «МУЗ-ТВ 2015» бәйгесін өткізген «Sapа Media group».

Қайрат сахнаға шыққан сайын өзінің даралығымен, сапалы жанды дауысымен, өзіндік мәнерімен және ерекше көңіл-күйімен есте қалады. Ұйымдастырушылардың және Қайраттың пікірінше бұл концерт те ерекше болмақ.

Әншінің өнерін бағалайтын көрермендерге 5D форматындағы ірі музыкалық шоу бағдарлама дайындалуда. Бұл шоуда көрермендер сахнада болып жатқан көріністерді ғана емес, сондай-ақ сахна айналасындағы оқиғалардың куәгерлері болады.

«Шоуды әзірлеу ушін арнайы Мәскеуден кәсіби мамандар шақырылды. Ол шоудың режиссері - Григорий Скоморовский, қоюшы суретші - Ротислав Бирюков, жарық беру жөнінде суретші - Сергей Воронцев және т.б.», - деп мәлімдеді отандық мегажобалардың продюсері және аталмыш жобаның ұйымдастыру алқасының мүшесі Ләйлә Сұлтанқызы.

Концерт барысында кең ауқымдағы бейнеграфикалық және аудио эффектер пайдаланып, интерактивті декорациялары және жарық түсіру құралдары бар арнайы сахна құрылады. Әншінің кеңістікте қозғалуына мүмкіндік беретін заманауи технологиялар қолданылады. Сонымен қатар, Қайрат көрермендеріне жаңа қырынан танылып, көрермендер оның талантының өзге де қырларының куәгерлері болады. Концертте әртістің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерімен қатар жаңа, заманауи форматтағы әндері де орындалады.

Қайрат өзінің шығармашылық кешіне Ресей сахнасының жұлдыздары Нюша, Тимати және т.б. жұлдыздарды шақырып, елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше сый жасамақшы. Алдағы концерттің тосын сыйлары өте көп!

12 желтоқсан күні «Астана-Арена» стадионында өтетін концертті өткізіп алмаңыздар!

Хабарламаларға жазылу