Надежда Ногай Дохада өткен «Катар кубогі» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Надежда Ногай Дохада өткен «Катар кубогі» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

09.12.2015
Надежда Ногай Дохада өткен «Катар кубогі» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Бұл туралы еліміздің Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Аталмыш додада еліміздің спортшысы 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ең мықты деп танылды.

Жұлқа көтеруде спортшымыз 125 келі бағындырып жеңімпаз атанса, Серпе көтеруде 152 келіні көтеріп, үшінші орынға табан тіреді. Қоссайыста Надежда 277 келіні бағындырды.

Екінші орынға египеттік спортшы тұрақтаса, үздік үштікті Таиланд спортшысы қорытындылады.  

 

Хабарламаларға жазылу