Ғалымдар көміртектің жаңа түрін жарыққа шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар көміртектің жаңа түрін жарыққа шығарды

06.12.2015
Ғалымдар көміртектің жаңа түрін жарыққа шығарды

Зерттеушілер көміртектің жаңа түрін анықтады. Ол Q-көміртек деп аталады.

Бұл көміртек бөлме температурасында жасанды жолмен өңделеді. Q-көміртектің құрылымы алмаз бен графиттен бөлек. Және оның беріктік қасиеті де жоғары.

Сондай-ақ, көміртекке электр энергиясын өткізсе, өте қатты жарқырайды. Q-көміртек темір магнитті қасиетке де ие.

Алайда, ғалымдар Q-көміртекті әшекей бұйымдары әзірге саудаға шықпайтынын айтты. Өйткені, олар көлемі 500 нанометр болатын Q-көміртектің қабықша түрін ғана жасап шығарған. Айта кетейік, оның көлемі адамның бір тал шашының диаметрінен 100 есе кем.

Хабарламаларға жазылу