Мәшһүртанушы ғалымның есімі ұлықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәшһүртанушы ғалымның есімі ұлықталды

03.11.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Павлодарда ғалым, жазушы Қуандық Пазылұлына арналған мемориалдық тақта ашылды. Ол қазақ дүниетанымының шыңында тұрған тұлға - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ұрпағы. Үлкен еңбегі Мәшһүртану ғылымына арналған. Дала кемеңгерінің 20 томдығын жарыққа шығарды. Қатарластары Керекуде ғалымдар үйі жоқ, бірақ ғалымдар отбасы бар деп әзілдейтін. Қуандық Пазылұлының 6 баласы да ғылым докторы. Әдебиет, тарих, фольклортану, этнография саласы бойынша зерттеген мол мұралары бар.

Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор: 

Бір тектілік керек-ау дейтіндей емес, тектілік өзінің бойында бар еді. Ол - қазақ тілі мен әдебиетінің негізін қалап кеткен үлкен ғалым. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиетіндегі қалам ұстаған ұстаздардың барлығы  бас иеді.


Хабарламаларға жазылу