Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында су тасқыны болып, кемінде 310 адам зардап шекті, өткен тәуліктерде 45 адамның мәйіті табылды.
Бұл туралы Үндістанның Ішкі істер министрі Раджнатх Сингх мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.
«Өткен тәуліктерде Ченнай штатының ауруханаларына су тасқынынан мерт болған 45 адамның мәйіті жеткізілді. Бұл Үндістанның оңтүстігінде соңғы 100 жылда болып отырған алғашқы үлкен су тасқыны. Жағдай дабыл қағарлықтай. Ел әскері мен ұлттық күш-қуат құрылымдарының өкілдері 7 мыңнан астам адамды құтқарды. Алайда, тағы осыншама адам жедел көмекті қажет етіп отыр»,-деді ол.
Су тасқыны орын алғалы бері билік өкілдеріне 250 мыңнан астам адамды уақытша дайындалған арнайы орындарға көшіру қажет болған. Көшірілгендердің басым көпшілігі мүліктерінен ғана емес, баспаналарынан да ажырады.
Нөсер жаңбыр екі аптадан бері жауып тұр, синоптиктердің мәліметтерінше, әлі бірнеше күн жауады. Жауыннан ең көп зардап шеккен аймақ Ченнай мегаполисі. Онда 5 млн-ға жуық адам тұрып жатыр.