2016 жылы елорданың айналасына 350 мыңнан астам көшет отырғызылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы елорданың айналасына 350 мыңнан астам көшет отырғызылады

03.12.2015
2016 жылы елорданың айналасына 350 мыңнан астам көшет отырғызылады

2017-2030 жылдар аралығында ағаш егуге жарамды жалпы ауданы 9 827 гектар жерге жобалардың төрт кезең-кезеңімен ағаш отырғызу жоспарланған. Оның ішінде 2 мың 792 гектарға жабық тамыр жүйесімен 4,1 млн. данадан аса көшет егіледі. Бұдан бөлек, биотоптар құрылып, 1 мың 749 гектар жерге шөп өсіріледі. 

2012 жылдан 2015 жылға дейін бірінші және екінші кезектегі жобаны іске асыру аясында орман алқабында ауданы 1 мың 32 гектар жерге жабық тамыр жүйесімен 1 миллион 493 мың көшет, сондай-ақ 180 гектар жерге көпжылдық шөп егілді.  

Бүгінде «жасыл белдеу» аумағы қоян, түлкі-қарсақтар, шілдер мен қырғауылдың тіршілік ету аймағына айналды. 2015 жылы оларды одан әрі өсіріп, көбейту мақсатында «Жасыл белдеу» аумағына 4 мың 83 қырғауыл жіберілді. Қазіргі кезде торларда 400 ересек қырғауыл және 1 мың 500-ден астам балапан өсіріліп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу