Күйші, журналист Қызырбек Жанасылұлы «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күйші, журналист Қызырбек Жанасылұлы «Таңшолпанда» қонақта

03.12.2015
Күйші, журналист Қызырбек Жанасылұлы «Таңшолпанда» қонақта

Бүгінде ҚХР, Бейжің қаласы Орталық халық радиостанциясы қазақ бөлімінің аға дикторы болып қызмет ететін Қызырбек Жанашырұлы радионың тыныс-тіршілігіне тоқталды.

«Орталық халық радиостанциясы 1971 жылы құрылған.  Мен радионың 10 жылдығында қызметке келдім. Содан бері 35 жылдай уақыт жұмыс істеп келемін. Ол жақтағы қазақ тілінің қолданыстағы орны жақсы. Бұрын біздің редакциямыз 7-9 сағат көлемінде хабар тарататын еді. Ал, қазір эфир уақыты 18 сағатқа ұзарды. Сондай-ақ, Үрімшіден тағы бір редакция құрылды. Осылайша, қамту көлемі бұрынғыдан кеңейіп жатыр»,-дейді Қызырбек Жанашырұлы.

«Бүгінде ел мен елдің арасы жақындаған заман. Өйткені, түрлі электронды құрылғылар күн санап дамып келеді. Қазақстанда болып жатқан маңызды жаңалықты лезде біліп отырамыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті Жолдауын біздің жақтағы халық жылы қабылдады. Елге келгелі Қазақ елінің Тұңғыш Президент күнін тойлап жатқанына куә болдым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!».

Күйшінің «Қызғыш ана» туындысын «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу