Астанада «Думанды Тобыл» атты кеш өтеді
23 сәуір күні Астанадағы Өнер академиясында «Думанды Тобыл» атты кеш өтеді. Осыған орай «Таңшолпанда» күйші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдабекұлы және термеші Сұлтанбек Молдахметұлы қонақта болды.
«Бұл менің Астана мемлекеттік филармониясының қазақ ұлт-аспаптар оркестрімен бірігіп өткізгелі отырған алғашқы кешім. Мұндай үлкен оркестрмен жұмыс жасаудың өзі мен үшін үлкен бақыт»,-дейді күйші.
«Кеште Айтқали Жайымовтың «Думанды Тобыл» атты күйі, Ермұрат Үсеновтің Шақшақ Жәнібектің 320 жылдығына арналған «Шақшақ Жәнібек» поэмасы, Серікбай Оспановтың «Ара қарағай» әні және тағы басқа да Қостанай, Торғай өңірінің ән-күйлері орындалады»,-дейді Назымбек Молдабекұлы.
Кеш турасында толығырақ «Таңшолпаннан» біліңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ясауитану» пәні үйірме ретінде енгізіледі
12.05.2026, 13:24
Мұнай біртіндеп қымбаттай бастады
12.05.2026, 13:18
Пәкістандағы жарылыстан 7 адам қаза тапты
12.05.2026, 13:15
«Бекіре-2026»: 6 тонна балық тәркіленді
12.05.2026, 13:12
Есірткі өндірген ағайынды Арыста ұсталды
12.05.2026, 13:09
Шымкентте қылмыстық топты түрмеден басқарған
12.05.2026, 13:06
LRT осы аптада жүретін болды
12.05.2026, 13:03
Жалпы ішкі өнім 3,6 пайызға өсті
12.05.2026, 13:00