Ауыр атлетика. Әлем чемпионатында Алмас Өтешев - күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыр атлетика. Әлем чемпионатында Алмас Өтешев - күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль иеленді

27.11.2015
Ауыр атлетика. Әлем чемпионатында Алмас Өтешев - күміс, Жасұлан Қыдырбаев қола медаль иеленді

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында 94 келіге дейінгі салмақ санатындағы жарыс аяқталды.

Тартысты өткен сайыста Алмас Өтешев екі жаттығудың нәтижесінде 402 келіні (172, 230) бағындырып - күміс, ал Жасұлан Қыдырбаев 399 (178, 221) келі көтеріп, қола медальді иеленді. Алмас бірінші мүмкіншілігінде 220, одан кейін 230 келіні еркін еңсерген еді. Алайда, үшінші мүмкіншілігінде 234 келіге тапсырыс беріп, оны көтере алмады.

Жасұлан болса, бірінші жолы 221 келіні еркін бағындырғанымен, екінші және үшінші мүмкіншілігінде 231 келіні еңсермеді. Әлем чемпионы атағы қос сайыста 405 келіні көтерген беларусь Вадим Стрельцовқа бұйырды.

Айта кетейік, 2014 жылдың қараша айында Алматыда өткен Әлем чемпионатында Жасұлан Қыдырбаев 408 (179+229) келіні бағындырып, чемпион атанған еді.

Хабарламаларға жазылу