«Қазіргі таңда Қырғызстанның ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті ел аймағында терроризммен және экстремизммен күрес бағытында тиісті сауықтыру жұмыстарын жүргізуде. Оларда Сирияға кеткен азаматтардың тізімі де бар. Мен соғысқа кеткен азаматтардың елге қашан және қандай оймен оралатындарын күтіп отырмай, азаматтығынан ажыратып, мемлекетке кіргізбеу қажет деген ұсыныс енгізіп отырмын»,-деді депутат Тазабек Икрамов бейсенбі күні өткен Жогорку Кенештің пленарлық отырысында.
Бұл туралы Қырғызстанның КирТаг агенттігі хабарлады.