Академик Жұмабай Байнатов бүгінге дейін 120 ғылыми жаңалығы үшін патент алған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Академик Жұмабай Байнатов бүгінге дейін 120 ғылыми жаңалығы үшін патент алған (ВИДЕО)

26.11.2015
Академик Жұмабай Байнатов бүгінге дейін 120 ғылыми жаңалығы үшін  патент алған (ВИДЕО)

Академик Жұмабай Байнатовтың ғылымға қосқан үлесін көпшілік жақсы біледі. Өнертапқыштың ойлап тапқан жаңалықтарының қатары тағы да бір туындымен толықты. Ол - жер сілкінісі кезінде көпқабатты үйлерді зілзаладан сақтайтын жоба.

«Жер сілкінісі кезінде жеделсатылар жұмыс істемей қалады. Өрт болуы да ықтимал. Жедел жәрдем келіп үлгермейді. Сондай жағдайда жоғары қабаттан осы баспалдақ арқылы түсуге болады», дейді академик.  

Ғалым 1996 жылы «Жиналмалы қос қабатты киіз үй және оны безендіру әдістері» атты жаңалығы үшін патент алған. Енді сол жобаны заманауи талапқа сай жетілдіріп, 2017 жылы елордада өтетін EXPO-2017 көрмесіне ұсынбақшы. Бұл киіз үй табиғи жолмен энергия өндіретін арнайы қондырғысымен ерекшеленеді. 

Сондай-ақ, өнертапқыш таулы аймақтардағы көшкін салдарын жеңілдетуге арналған құрылғы ойлап тапқан. Ол Алматы маңындағы сел жүруі ықтимал деген төрт аймаққа орнатылды.

12 авторлық куәліктің иесі, 120 ғылыми жаңалыққа патент алған ғалымның әлі де сұранысқа ие жобалары жетерлік. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу