Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларға пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларға пәтер берілді

17.11.2015
Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларға пәтер берілді

ШҚО Бородулиха ауылында бес қабатты тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Ауылдағы 50-ден астам отбасымен бірге Жаңа Шүлбі облыстық жетім балалар үйінің 10 тәрбиеленушісіне де жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz.

Жаңа баспана көп жылдан бері иесіз тұрып, қаңырап қалған ғимарат болатын. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында бөлінген қаражатқа баспана қабырғасынан бастап, шатырына дейін бастан-аяқ қайта салынып шықты.

Жаңа тұрғын үйдің ашылу салтанатында аудан әкімі Григорий Акулов баспананы мерзімінде, сапалы салып шыққан мердігер - «Семейпластком» ЖШС-не тұрғындардың алғысын жеткізе отырып, жаңа қоныс иелеріне табыс тіледі.

«Бізге қоңырау шалып, баспана берілетінін айтқанда, балаларымыздың қуанышында шек болмады. Балалар ешкімнің босағасында жүрмейтін болды, өз пәтерлері болады, бұл - аудан тарихында бірінші рет болып отырған қуанышты жағдай»,-дейді балалар үйінің директоры Рауан Молжігітов.

Хабарламаларға жазылу