Ауылда жаңа пәтерлер табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылда жаңа пәтерлер табысталды

09.01.2014
Ауылда жаңа пәтерлер табысталды

Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай ауылында жас мамандарға, әлеуметтік ахуалы төмен және жетім балаларға жаңа баспаналар табыс етілді. Осылайша 16 адам қоныс тойын тойлады.

 
Пәтерлер құрылысы «Жұмыспен қамту-2020» және «Қолжетімді баспана» мемлекеттік бағдарламалары аясында іске асқан. Ол үшін мемлекет 80 миллионн теңге бөлген.
 
Қаржы шашау шығарылмай игеріліп, мердігер мекеме жоспарға сай, нысандарды кешіктірмей қолданысқа берді, дейді мамандар. Ауылды жерде салынған пәтерлердің құрылысы жаман емес.
 
Жылу мен су жүйелері заман талабына сай ыңғайлы етіп жасалған. Ауылдықтарға пәтер кілттері салтанатты түрде табыс етілді.
 
Гүлбаршын Басшыбекова, Бесқарағай ауылының тұрғыны:
Менің балам Алматыдан келгелі бері он жылдай болды. Мемлекеттік қызметкер. Президентіміздің саясаты жүзеге асып отыр.  
 
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу