Жетісулық тұрғындарға пәтер кілттері табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісулық тұрғындарға пәтер кілттері табыс етілді

08.06.2023

Бүгін Жетісу облысының құрылғанына тура 1 жыл. Айтулы күнге орай Талдықорған қаласының тұрғындарына көпқабатты үй пайдалануға берілді. Баспана кезегінде тұрған 72 отбасыға пәтер кілттері табыс етілді. Көптен күткен шаңырақтарына мүмкіндігі шектеулі жандар, толық емес отбасы өкілдері, ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар ие болды. Сондай-ақ былтыр осы күні дүниеге келген нәрестелерге де құрмет көрсетілді. 1 жасқа толған 22 бөбектің тұсауы кесіліп, арнайы сыйлықтар табысталды. Айта кету керек Жетісу облысы құрылған күні өңірде 47 бала өмірге келген.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу