Таң қаларлық рекордтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таң қаларлық рекордтар

22.11.2015
Таң қаларлық рекордтар

Ең ұзын тырнақты әйел

Графиня деп өзіне лақап ат қойып алған Крис Уолтон 18 жыл бойы тырнақ өсірген. 2011 жылы оның тырнағының ұзындығы оң қолында – 291 сантиметр, сол қолында 309 сантиметр болып, Гиннестің рекордтар кітабына енеді.

Магнит адам

2011 жылы Тбилисиде Этибар Эльчиев кеудесіне 50 темір қасықты жабыстырып, рекорд орнатты.

46 минут және 7 секунд. Қытайлық Джин Сонгхао осынша уақыт қар үстінде отырған. Бұл рекордты әлі күнге дейін ешкім жаңартқан емес.

2009 жылы Словакия тұрғыны Милан Росклопф 3 бірдей моторлы арамен жонглерлік етіп (35 рет лақтырып) рекорд орнатқан. Жақында ол өз рекордын жаңартты (65 рет лақтырған)

2011 жылы англиялық Питер Глейзбург өсірген салмағы 9 келіні құрайтын пияз рекордшы атанды

Ең үлкен ту

Әлемдегі ең үлкен ұлттық ту – Румынияның туы. 2013 жылы ұзындығы 350 метрді, ені 227 метрді құрайтын ту Гиннестің рекордтар кітабына енді.

 Әлемгеді ең ұзын мұрт үндістандық Рам Синг Чауханға тиесілі. Оның мұртының ұзындығы – 4,2 метр.

Әлемдегі ең үлкен ұлудың салмағы – 900 грамм. Оның ұзындығы – 39,3 сантиметрді құрайды.

Әлемдегі ең үлкен скрипка Германияда жасалған. Ұзындығы – 4,2 метр, ені – 1,23метр. Ал ысқысының ұзындығы – 5,1 метр.

Хабарламаларға жазылу