Елбасы кітапханасында «Біздің Президент» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы кітапханасында «Біздің Президент» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді

03.07.2015
Елбасы кітапханасында «Біздің Президент» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді

Бүгін Елбасы кітапханасында «Біздің Президент» атты жаңа кітаптың тұсауы кесілді.

Онда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тағылымды өмір жолынан деректер келтірілген. 

Қарапайым ауыл баласынан мемлекет басшысы қызметіне қалай жеткендігі, қалаберді, әлемдік деңгейдегі саясаткер дәрежесіне жету жолындағы қиындыққа толы өмір жолы баяндалады.

Кейбір тарауларында басты кейіпкердің тағдырындағы есте қаларлық оқиғалары да қамтылған.

Деректі повесть еліміздің барлық кітапханасы мен мектептеріне таратылатын болады. Туынды болашақта ағылшын тіліне аударылмақ.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу