Орхидея гүлінің пайдасы мен күтімі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орхидея гүлінің пайдасы мен күтімі (ВИДЕО)

20.11.2015
Орхидея гүлінің пайдасы мен күтімі (ВИДЕО)

Бөлме гүлдерінің падишасы саналатын архидея тұқымдасныың 25 мың түрі кездеседі. XIX ғасырдан бері француз аспаздары гүлдің хош иісті күлтелерін балмұздақ пен тәтті кремдерге қосып келеді.

Сондай-ақ, орхидея шайы халық арасында жоғары бағаланады. Орхидея тамырынан қайнатылған тұнбаны дәстүрлі медицинада бас, жүйке ауруларын емдеуге қолданады.

Ұйқысыздық, эпилепсия, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда орхидея шайы таптырмас ем.

Соңғы жылдары косметолог мамандар бетке архидея күлтесінен жасалған кремдерді жағуға кеңес береді. Себебі, гүлдің құрамында теріні жасартатын элементтер бар.

Үйге сұлулық сыйлайтын гүлдің тағы қандай ерекшелігі бар? «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу