Тіс күтімі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тіс күтімі (ВИДЕО)

06.01.2016
Тіс күтімі (ВИДЕО)

Сау тіс – денсаулық кепілі. Тіс ауырса, адамның басқа да ағзаларына залалын тигізеді. Ғалымдардың зерттеуінше, адамдардың 98 пайызы тіс ауруларынан зардап шегеді екен.

Мақсұт Темірбаев - қисық тістерді брекет жүйесімен қалпына келтіруге және тістің бұрынғы қасиеттерін толық сақтауға септігін тигізетін тәсілді елімізге алғаш әкелген маман.  Ол - медицина саласына қатысты 21 өнертабыстың, 37 ғылыми жұмыстың, екі монографияның авторы.

Ғалым «Тіс ауруына шалдыққандар дәрігерге уақытында қаралғаны жөн. Себебі, оның асқынуынан адам өз өміріне қауіп төндіретін дерттерге шалдығуы мүмкін», дейді.

Маман кеңесін толығырақ «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.   

Хабарламаларға жазылу