Тісті ағарту: Оның пайдасы мен зияны (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тісті ағарту: Оның пайдасы мен зияны (ВИДЕО)

26.05.2016
 Тісті ағарту: Оның пайдасы мен зияны (ВИДЕО)

Тістің сау әрі маржандай болып тізіліп тұрғанын барлығы қалайды. Кофе, қара шай мен темекінің әсерінен тіс тез сарғаяды. Бұған қоса, түбіне тас жиналады. Сондықтан, тісті ағартып тұруға көңіл бөлген дұрыс.

Стоматологтар тісті ағартудың механикалық және химиялық жолын ұсынады.

Тісті химиялық жолмен ағартудың залалы бар екенін естен шығармаған жөн. Ағарту мен тазарту барысында тістің эмалі жұқарады. Сондықтан, мұндай шараларды бастамас бұрын сүзбе, ірімшік, йогурт секілді тағамдарды көбірек тұтыну қажет. Ол тістің сыртқы қабатының берік болуына ықпалын тигізеді.

«Ағартқан кезде сутегі асқын тотығының көп мөлшердегі пайыздық мөлшерін қолданамыз. Оның біршама зияны бар. Мұндай шаралардан кейін бояғыш заттары бар сусындарды ішуге болмайды», дейді тіс дәрігері Қанат Сәрсеков.

Ендеше, тісті ағартудың қарапайым тәсілдері туралы «Таңшолпанның» кеңестеріне құлақ түріңіз. 

Хабарламаларға жазылу