Астанада белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының кітабының тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының кітабының тұсаукесері өтті

04.06.2016
Астанада белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының кітабының тұсаукесері өтті

Менің екінші кітабым. Белгілі тележүргізуші, «Әйел бақыты» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы бүгін өзінің алғашқы кітабын жарыққа шығарып, көпшілікке таныстырды.  200 беттік кітап «Менің екінші кітабым» деп аталғанымен, автордың алғашқы еңбегі. Онда Ләйлә Сұлтанқызының өз өмірінен алынған қысқа әңгімелері мен қыз-келіншектерге арналған  мөлтек сырлары және «Әйел бақыты» бағдарламасы кейіпкерлерінің кейбір оқиғалары жарияланған.  Қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде өткен шарада кітаптың алғашқы даналары сатылып, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. 
 

Хабарламаларға жазылу