Францияда болған терактілерден кейін Токио-Париж бағытындағы ұшақтардың жолаушылар саны 30 пайызға кеміді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда болған терактілерден кейін Токио-Париж бағытындағы ұшақтардың жолаушылар саны 30 пайызға кеміді

17.11.2015
Францияда болған терактілерден кейін Токио-Париж бағытындағы ұшақтардың жолаушылар саны 30 пайызға кеміді

Nippon Travel Agency  мен  H.I.S. сияқты ірі туристік операторлар сәрсенбіге дейін бұл елге ұшпайтын болды.

Бұл туралы  NHK қоғамдық арнасы хабарлап отыр.

Сенбі мен дүйсенбі аралығында  жапониялық Japan Airlines компаниясының ұшақтары әдеттегіден 20 пайыз аз адам алған. Ал, осы компанияның бәсекелесі All Nippon Airways компаниясы ұшақтарының тек жартысы ғана толған. Олар жолаушылардың 30 пайызға жуығынан айырылды.

Қазіргі таңда көптеген жапониялық корпорациялар Францияға іскерлік мақсаттағы сапарларын тоқтатты. Ал, Nippon Travel Agency мен H.I.S туроператорлары бұл елге туристік сапарларын шектеп, жолаушыларға қаржыларын толық көлемде қайтарған.

Қалпына келтіру жөніндегі министр  Акира Амари журналистермен болған кездесуде Парижде болған терактілер бүкіл әлем бойынша туризм саласының дамуына кері әсерін тигізуі мүмкіндігін айтқан.

«Енді бізге іскерлік және ойын-сауық мақсатындағы сапарлардың бәсеңдеуін уақытша жағдай етуге күш салу қажет»,-деді ол.  

Хабарламаларға жазылу