Игорь Бушмелев: Бала кезімде музыкаға деген әуестік болған жоқ (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Игорь Бушмелев: Бала кезімде музыкаға деген әуестік болған жоқ (ВИДЕО)

16.11.2015
Игорь Бушмелев: Бала кезімде музыкаға деген әуестік болған жоқ (ВИДЕО)

Жуырда Алматыда жеңіл рок музыканың бір топ өкілі табынушыларына акустикалық кеш сыйлады. Солардың бірі Игорь Бушмелев бүгін «Таңшолпанға» сұхбат берді.

Бір қызығы, бүгінде халық арасында әжептәуір танылып қалған музыкант бала кезінде музыкамен аса әуестене қоймаған көрінеді.  

«Мектептегі достарым белгілі бір топтарға табынып жүргенде, менде ондай әуестік болған жоқ. 9 сыныпта оқып жүргенде қолыма гитара алып шерте бастадым. Әдемі әуеннің қиюы келе бастаған соң, қызыға түстім. Интернеттен әндер мен аккордтар іздедім. Арнайы білім алмадым. Тоғызыншы сыныпты бітіргенде концертте өнер көрсеттім. Тұңғыш тыңдарманым достарым болды»,-дейді Игорь.

«Меніңше, музыканың мұндай стилі аса қарқынды дамып жатпаған сияқты. Себебі, қазіргі аудиторияның қажеттілігі басқа. Жеңіл попсаға билеп, көңіл көтергісі келеді. Салмақты өлеңді, поэзияны, жақсы музыканы бағалай бермейді. Әрине, бес саусақ бірдей емес. Эстрадада жақсы орындаушы көп.  Мен марқұм Батырхан Шүкеновтің табынушысымын. Мен үшін ол ғаламат музыка туғызған адам».

«Мен әдетте жүрегіме әсер еткен тақырып болса ғана жазамын. Тапсырыспен ән жазу табиғатымда жоқ. Табиғилық пен шын көңіл-күйім нағыз тамаша дүние тууға себеп».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу