Күмістің қасиеті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күмістің қасиеті (ВИДЕО)

16.11.2015
Күмістің қасиеті (ВИДЕО)

Қазақ халқы ежелден күміске ерекше мән берді. Күмістің адам ағзасына пайдасы бар, деп түсінген жұрт күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суға шомылдырып, «баланың күні күмістей жарық болсын», деген ниетпен жоралғы да жасалған.

Мұның әдемілігі өз алдына, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес.  Тіпті, түрлі жамандықтан қорғайды деген сенім бар.

Күмістің емдік қасиеті мол екенін медицина да дәлелдеп отыр. Емшілер мұндай ерекшелікті өте ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған.  Мысалы, Үндістанда күмісті адам иммунитетін көтеруге қолданса, Египетте жараға жапсырған. Ал, Ресейде шіркеудегі күміс қосылған су киелі саналады.

Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиетін XIX ғасырдың аяғында ғана зерттей бастаған.

Күміс әшекейлерді қалай тазарту керек екенін білгіңіз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу